Жоба компоненттері

А компоненті:  Денсаулық сақтау секторын қаржыландыру және басқару
Мақсаты: Денсаулық сақтауды қаржыландырудың стратегиялық реформалары бойынша әлеуетті ұлттық деңгейде дамыту арқылы денсаулық сақтауды  қаржыландырудың және денсаулық сақтауды басқарудың қазіргі заманғы жүйесін құру; облыстық денсаулық сақтау басқармалары арасында сатып алушының әлеуетін Бірыңғай төлеуші ретінде нығайту; жеткізушілерді халыққа ұтымды, тиімді және жоғары сапалы қызметтерді көрсетуге уәждейтін төлеу тетіктерін енгізу; денсаулық сақтау саласындағы басқару әлеуетін дамыту; денсаулық сақтау секторындағы жоспарлауды  және инвестициялық стандарттарды жаңарту; сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қаражатты әділ, ұтымды және тиімді бөлуді қамтамасыз ету үшін түпкі нәтижеге, болжамға және мониторингке негізделген бюджет құрудың қазіргі заманғы құралдарын  енгізу.


B компоненті: Медициналық қызметтердің сапасын арттыру
Мақсаты: Аккредитация жүйесін әзірлеу; дәлелді медицинаға негізделген клиникалық тәжірибе бойынша нұсқауларды әзірлеу, тарату, бағалау және жаңарту жағынан ел әлеуетін нығайту; қазақ мамандарға халықаралық танылған  стандарттарды пайдаланып,  медициналық технологияларға бағалау жүргізуге мүмкіндік беру; қан құю қызметі мен зертханалық қызметтің қиын-қыстау  аспектілерін реформалау арқылы Қазақстандағы медициналық көмек сапасын жақсарту.


С компоненті: Медициналық білімді және ғылымды реформалау
Мақсаты:  Халықаралық стандарттар негізінде медициналық білімді және ғылыми зерттеулерді басқаруын жетілдіру


D компоненті: Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесін дамыту
Мақсаты: Халықаралық стандарттарға сай келетін,  емделушілерді, ресурстарды және қаржыны басқару модульдерінен тұратын, сондай-ақ емделушілерге көрсететін көмекті және басқару тиімділігін жетілдіретін, толық жұмыс істейтін біріккен денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесін құру және төрт облыста/қалада тарату; пайдаланушылардың кем дегенде 75 пайызын оқытып, жүйені барынша пайдалануға қабілетті болуын қамтамасыз ету; сонымен бірге жүйені одан әрі таратуға және ұзақ мерзімді техникалық және операциялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған институционалды негіз жасау.



Компонент E: Фармацевтикалық саясат реформасы
Мақсаты: Жеңілдікпен берілетін дәрілермен қамтамасыз ету жүйесіне үздік халықаралық тәжірибелерді енгізу; сатып алу тиімділігін арттыру, бағаларды төмендету және дәрілермен қамтамасыз ету сапасын жақсарту; сонымен бірге фармацевтикалық саладағы үздіксіз мониторингтің қазіргі заманағы әдіс-тәсілдерін енгізу.



F компоненті:  Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және ДСҰ-ға кіру
Мақсаты: ДСҰ-ның талаптарына сәйкес тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қуатты, тиімді және халықаралық жарамды жүйесін әзірлеу мен енгізуді қолдау.



G компоненті: Жобаны басқару
Мақсаты: Жобаны  айқын, тиімді және уақтылы басқаруды қамтамасыз ету арқылы Жобаның Даму мақсаттарына жетуге үлес қосу.

Aug 27, 2015 | Posted by | Comments Off on Жоба компоненттері
Premium Wordpress Themes by UFO Themes