Жоба туралы

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкінің стратегиялық әріптестік негізінде бірігіп жасалған бастамаларының бірі.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының №77-IV Заңымен ратификацияланған Жоба 2008 жылғы 2 ақпанда  қол қойылып және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі арасындағы Қарыз туралы Келісім  шеңберінде жүзеге асырылады.

Іске асыру мерзімі – 2017 жылғы 30 маусым дейін
Күшіне енген күні – 2008 жылғы 15 желтоқсан

Атқарушы агенттік:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму Министрлігі

Іске асырушы ұйымдар:
«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталық» ШЖҚ РМК

Жобаның мақсаты:

Қазақстан Республикасы Үкіметімен атқарылатын Денсаулық сақтауды реформалау және дамыту Мемлекеттік бағдарламасы мәнмәтінінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің және тиісті денсаулық сақтау органдарының және ұйымдарының денсаулық сақтау секторының негізгі реформаларын қолдау үшін ұзақ мерзімді институционалдық  әлеуетті құру және халықаралық стандарттарды енгізу мақсаттарын көздейді.

Іске асыру тетіктері

Жобаны іске асырудың негізгі тетігі әріптестердің өзара әрекеттері негізінде технологияларды беру мақсатымен  консалтингтік компанияларды қатыстыру болып табылады.
Жобаның ерекшелігі – денсаулық сақтау түрлі салаларында өзара тығыз байланысатын және барлық серіктестердің іс-әрекетін үйлестіретін, сонымен бірге өткізетін іс-шараларды үндестіруді және бірге атқаруды жоспарлап отырған  реформаларды бір мезгілде өткізу.

Мониторинг және бағалау

Жобаның тиімділігін бағалау үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасымен үйлестірілген көрсеткіштер әзірленді.

Күтілетін нәтижелер

Қазақстан  бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына кіруге ұмтылуда. Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру үшін осы мақсатқа жету  аса маңызды. Денсаулық сақтаудың жетілдірілген жүйесі ауыру нәтижесінде болған өнімділік шығынын азайту арқылы және денсаулығы нашарланған жағдайда халықты қаржылық салдарынан қорғау  жолымен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік жасайды, сонымен қатар  қаражатты  аса тиімді инвестициялар үшін бөледі.
Жоба шеңберінде Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесін түгел жаңартып, оны халықаралық алаңға тең құқықты әріптес ретінде қатысу үшін халықаралық стандарттарға жақындатуды жоспарланып отыр.
Жобаны іске асыру барысында Қазақстан Республикасының заңдары мен санитарлық ережелері тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері бойынша FAO стандарттарымен үйлестіріледі және жаңа технологиялар енгізіледі, соның ішінде мониторинг жүйесі.
Кем дегенде 25 техникалық регламент пен 26 санитарлық норма мен ережені өзгерту жоспарлануда, олардың енгізілуі Қазақстанға ауылшаруашылық өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыруға және ДСҰ-ның тең құқықты серіктесі болуға, ауқымды бастамаларды шешу ісіне қатысуға (әсіресе өнім қауіпсіздігі саласында) мүмкіндік береді.

Сонымен қатар,  жоба шеңберінде халық денсаулығын жақсарту мақсатымен басқару жүйесін жаңғырту және саланы қаржыландыру, медициналық қызметтер сапасын арттыру, халықты  дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру  бойынша іс-шаралар жоспарлануда.
Жоба шеңберінде зор үлес саланың кадрлік әлеуетін арттыруға қосылмақ, сонымен қатар медициналық және фармацевтикалық білімді жаңғырту да көзделіп отыр.

Жобаны іске асыру барысында медициналық қызметтерді жеткізушілердің дербестігін арттыру үшін құқықтық және экономикалық негіздерді құру, басқарудың, жоспарлаудың қазіргі әдістерін енгізу, негізгі процестер мен процедураларды жаңғырту мен стандартқа келтіру жоспарланып отыр. Бұл клиникалық тәжірибеге де, білім беру процесіне де дәлелді медицинаны ендіру арқылы  медициналық көмек сапасын жақсарту ғана емес, оған қоса зертханалық қызмет, соның ішінде қан қызметі жаңартылады және халықаралық стандарттарға сай келтіріледі.

Jul 3, 2015 | Posted by | Comments Off on Главная
Premium Wordpress Themes by UFO Themes