Жобаны басқару

Жоба бойынша барлық іс-шараларды атқаруды үйлестіру ДСМнің Инвестициялық жобалар және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту департаменті мен Үнемi үйлестiрушi топпен жүзеге асырылады.

Дүниежүзілік Банк консультациялық қызметтерді, тауарларды сатып алу кезінде олардың халықаралық процедураларға сай келетінін қадағалап, институционалдық дамуда қолдау көрсетеді.

Үнемі үйлестіруші топ

Үнемi үйлестiрушi топ (ҮҮТ) Жоба міндеттерінің ауқымдылығына, оларды орындау әдістерінің кешенділігіне,  сонымен қатар ҚР ДСМ құрылымдық бөлімшелері мен ведомствоға қарасты ұйымдардың Жобаны іске асыруға қатысуларына байланысты Жобаны іске асыру бойынша барлық іс-шаралардың келісуі мен сабақтасуын қамтамасыз ету мақсатымен құрылды.

Денсаулық сақтау вице-министрі, Жобаның Кураторы (30.06.2017 ж. дейiн) –

Цой Алексей Владимирович.

Жобаны іске асыруға қолдау көрсету тобы

Жобаны іске асыруға қолдау көрсету тобы (ЖІҚТ) Қарыз туралы келісімге сәйкес «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасын іске асыру кезеңіне Жоба бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға техникалық көмек көрсету мақсатымен құрылды.

Жобаны іске асыруға қолдау көрсету тобының Ұлттық үйлестіруші (14.02.2017 ж. дейiн) –

Токежанов Болат Турганович.

Іс-шараларды үйлестіру

Жоба бойынша іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық құжаттарымен үйлестірілді.

Жұмыс кеңестері

Түрлі  компоненттер мен кіші компоненттер бойынша іс-шаралардың орындалуын үндестіру және үйлестіру, әрекеттестігін қамтамасыз ету үшін Жобаның тиісті бағыттары бойынша мүдделі жақтар мен серіктес консалтингтік компаниялар қатысуымен үйлестіруші кеңестер өткізіліп жатады.

Aug 27, 2015 | Posted by | Comments Off on Жобаны басқару
Premium Wordpress Themes by UFO Themes